Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгерді: биыл кім қанша алады?

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2019 18:03 sputniknews.kz
1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 процентке көтерілді.

2019 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы 52 145 теңгені құраса, ең жоғарғы зейнетақы 116 811 теңгеге жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 7%-ке өсті. Мәселен, егер былтыр ынтымақты зейнетақы 46 500 теңге болса, биыл оның мөлшері 49 755 теңгеге тең.

Сондай-ақ, базалық зейнетақы да 1 қаңтардан 7%-ке артып отыр.

"2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 16 037 теңгені құрайды", — делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Sputnik Қазақстан сайтына берген жауабында.

Базалық зейнетақыны қоспағанда, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36 108 теңге. Ал базалық зейнетақымен бірге есептегенде (бұл жерде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері, яғни 16 037 теңге есепке алынады – Sputnik ескерт.) – 52 145 теңге.

Ең жоғары зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны қоспағанда) – 87 113 теңге. Базалық зейнетақымен қоса есептегенде (бұл жерде, керісінше, базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері, яғни 29 698 теңге есепке алынады – Sputnik ескерт.) – 116 811 теңге.

Базалық зейнетақы

Сіздер білесіздер, 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанда базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде, яғни 15 274 теңге шамасында төленіп келді. Шілдеден бастап зейнетақының бұл түрін тағайындау әдістемесі өзгерді. Енді оның мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді.

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і, яғни биыл 16 037 теңге төленеді. 2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге.

Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда әрбір жыл үшін тағы 2% қосылып отырады. Мәселен, 11 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 56%-і, 12 жыл болса, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 58%-і, сөйтіп жалғасып кете береді.

Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100% немесе 29 698 теңге төленеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: