Мәжіліс депутаты еліміздің шалғай ауылдарына барды

Мәжілістің баспасөз қызметі Мәжілістің баспасөз қызметі
Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты Мамлют ауданының Бостандық ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдады.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, "Nur Otan" партиясы Фракциясының мүшесі Кәрібай Мұсырман Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар әлеуметтік нысандарына барды, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаты Мамлют ауданының Бостандық ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдады. Бар жоғы 236 адам тұратын ауыл халқы туған жерлерінің болашағына алаңдаушылықтарын жеткізді. Қазіргі таңда ауылда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектеп жабылып қалудың алдында тұр. Себебі, білім мекемесінде тек 60 бала ғана оқиды, бұл белгіленген нормадан аз.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары қашықтықтан оқытылатын жаңа оқу жылының басталуына орай, қашықтықтан оқыту мүмкіндігінің төмен екендігін айтты.

Сапар барысында депутат Кәрібай Мұсырман Бостандық ауылында басқа аймақтардан келген азаматтарды қоныстандыру бағдарламасының орындалуын қадағалады. Жергілікті атқарушы орган өкілдері атап өткендей, мұнда көшіп келгендер жұмысқа орналастырылып, балалары мектеп пен балабақшамен қамтамасыз етілген. Былтыр Жамбыл облысының Қордай ауданынан жергілікті кәсіпкердің қолдауымен салынған үйлерге үш отбасы көшіп келген.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-08/1598506675_41.jpg

Кәрібай Мұсырманның айтуынша, тірек ауылдарға жатқызудың қолданыстағы өлшемдері елдің солтүстік өңірлеріндегі демографиялық жағдайды ескере отырып, қайта қарауды талап етеді. Мәжілісменнің айтуынша, осындай жағдай Уалиханов ауданының Құлыкөл және Жамбыл ауданының Жаңажол ауылдарына да қатысты.

Сонымен қатар, депутат Петропавл қаласының №25 қазақ орта мектебінде жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты. Облыс орталығының "Береке" шағын ауданында орналасқан 600 оқушыға арналған бұл оқу орны өткен жылы республикалық бюджет қаражатына салынған. Мектеп қашықтан оқуға дайындық үстінде. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 27 оқушыға оқу орнының есебінен қажетті модемдер сатып алынған. Бұдан басқа, жуырда 20 оқушы қалалық білім бөлімінің қаражатына сатып алынған жаңа ноутбуктер алады. Осыған орай, депутат барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, оқу процесінің сапасын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен бірге Кәрібай Мұсырман қазақ драма театрының жаңа ғимаратының құрылыс барысымен танысты. Мердігерлердің айтуынша, "Жас өркен" шағын ауданында салынып жатқан 500 орынды жаңа типтік ғимарат осы жылдың соңына дейін тапсырылмақ.

Одан әрі мәжілісмен Петропавлдағы және оған жақын орналасқан Мамлютка қаласындағы бірқатар дәріханаларға барды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз