Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс депутаты Алматы облысының Ескелді ауылында азаматтарды қабылдады

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2019 21:55 Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты одан кейін Жетісу өңірінің Текелі, Талдықорған қалалары мен Кербұлақ, Балқаш аудандарының жұртшылығымен кездеседі.

Бүгін Мәжіліс депутаты "Nur Otan" партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Омархан Өксікбаев Алматы облысының Ескелді ауылында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй құжаттарын реттеу, тұрақты жұмыспен қамту және басқа да көптеген тұрғындарды толғандырған мәселелерді көтерді.

- Партиялықтар кез келген уақытта тұрғындардың тілегіне ерекше назар аударып, шұғыл сұраныстарға жылдам жауап беруге әзір болуы тиіс. Қазір біз цифрлық заманда өмір сүреміз. Сұраныстар, өтініштер онлайн тіркеледі. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің де жұмысын барынша оңтайландырып, азаматтардың өтініштерін шұғыл шешуге күш салсақ жұмысыз жемісті болады. Алдыма келген азаматтардың әр сұрағына ден қойып, қолымда бар мүмкіндікті аянбастан ұсындым, - деді Омархан Нұртайұлы.

Жалпы Ескелді аудандық филиалының қабылдау бөлмесіне жыл басынан 177 өтініш келіп түссе, олардың 60-ы оң шешімін тапқан. 4 мыңнан астам партия мүшесі, 13 бастауыш партия ұйымы бар. Партиялық бақылау қызметі мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық кеңес жыл басынан оннан астам отырыс өткізіп, мемлекеттік мекемелерге 17 ұсыныс берген.

Мәжіліс депутатының одан әрі Жетісу өңірінің Текелі, Талдықорған қалалары мен Кербұлақ, Балқаш аудандарының жұртшылығымен кездесулері жоспарланған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2019 21:55

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: