Мемлекет басшысы мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 30 мамырда Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың мәліметінше, Бақтықожа Ізмұхамбетов "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді.
"Қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, "Дәнекер" бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде соңғы 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келді",-делінген есепте.
Бұдан өзге келесі атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
- Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған "Іскерлік және жанашырлық" жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылуда;
- Ардагерлердің "Қоғамдық бақылау туралы" Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде баяндады. Олар су тасқынымен күрес кезінде халықты сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізген;
- Мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларына, өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және дін мәселесіне қатысты ұсыныстар берді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы бүгін, 30 мамырда Хорватия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript