Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

 Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 12:11 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті және барша хорват халқын Хорватия Республикасының ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.
"Бүгінде Хорватия Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін. Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа сүйене отырып, ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Хорватия Президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, достас хорват халқына құт-береке тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: