Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 11:01 Сурет: akorda.kz
2024 жылдың 28 мамырында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әзербайжанның мемлекеттілігі мен халықаралық беделін нығайту ісіндегі таңқаларлық жетістіктері осы тарихи датаның мән-маңызын арттыра түседі. Қазақстан бауырлас Әзербайжанның қол жеткізген табыстарына зор ықыласпен тілеулестік танытып, достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударады. Қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы туысқан халықтардың өсіп-өркендеуі жолында беки түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке жалпыұлттық көшбасшы ретінде табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бейбітшілік, бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: