Мемлекет басшысы Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхат, Қасым-Жомарт Тоқаев, Хорватия президенті, құттықтау , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2025 20:00 Сурет: Ақорда
2025 жылы 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.

Бұған дейін Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Италия Республикасы Министрлер кеңесі төрағасының "Орталық Азия + Италия" бірінші саммитінің қорытындысы бойынша бірлескен декларациясы қабылданғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: