Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік зерттеулерге 14 млн теңге жұмсамақшы

Pixabay Pixabay
Зерттеу халықтың көрсетіліп жатқан медициналық қызметке көңілі толатыны-толмайтындығын анықтауға арналған.

Мемлекеттік сатып алу порталында 14 миллион теңгеге әлеуметтік мониторинг жүргізу лоты пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тапсырыс беруші - Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті.

Социологиялық зерттеулер халықтың медициналық қызмет сапасына көңілі толатынын-толмайтынын бағалап, анықтауға арналған. Комитет мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізілетіндігін айтады.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы N982 қаулысымен бекітілген, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттану индикаторын да қарастырады. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жыл сайын халықтың медициналық көмектің сапасына қанағаттану деңгейі бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіп отырады", - деді комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз