Алматы облысында жол апатына ұшыраған көлік қаққа айырылды

әлеуметтік желіден алынды әлеуметтік желіден алынды
Опат болған жүргізуші көліктің тізгініне ие бола алмай қалған.

28 тамызда сағат 06: 40-та Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 65-ші шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облыстық ПД-ның хабарлауынша, Mitshubishi Galant жүргізушісі трассамен шығыс бағытта келе жатқан. Ондағы жүргізуші кенеттен көлік тізгініне ие бола алмай, қатты жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып, Mercedes Sptinter-мен бетпе-бет соқтығысқан.

Апат салдарынан 26 жастағы Mitsubishi жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оның 45 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі (Жол ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-08/1598616601_77.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2020-08/1598616677_78.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз