Алматы облысында көлік көпірден ұшып кетті
Сурет: Zakon.kz
28 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, көпірден Үлкен Алматы каналына ұшып кеткен. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таңертең "Есік" бақ қоғамдастығынан шыққан жүргізуші тас жолға дұрыс бұрылмай, көпірден каналға бір-ақ құлаған. Апаттан зардап шеккендер жоқ, Nissan Presea автокөлігіне механикалық зақым келген.
"Бұл факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік материал жиналып, қарау үшін Еңбекшіқазақ облысының әкімшілік сотына жолданды", – деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы.
Жүргізушіге 60 АЕК, яғни 207 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript