Павлодарда қарсы жолаққа шығып кеткен көлік қоғамдық транспортпен соқтығысты

Дорожно-транспортное происшествие, авария, ДТП, разбитая машина, разбитый автомобиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 18:40 Фото: Zakon.kz
Павлодарда көлік тізгініне ие бола алмай қалған жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан төрт адам, оның ішінде екі кішкентай бала ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде ол қоғамдық көлікпен соқтығысқан, деп хабарлады Almaty.tv телеарнасы.

Зардап шеккендердің арасында екі бала бар. Сондай-ақ 35 жастағы әйел мен 41 жастағы ер адамға медициналық көмек қажет болған. Барлығы қалалық ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасына байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр.

"2024 жылы туған қыз бала ішкі ағзаларының соғылуы диагнозымен хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы — орташа ауыр. 2014 жылы туған ұл бала тексеруден және қажетті медициналық зерттеулерден кейін соғылу мен сырылу жарақаттары диагнозымен амбулаториялық бақылауға жіберілді", — деп хабарлады Павлодар облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: