Созылмалы ауруы бар балалар кезекші сыныптарға жіберілмейді

Pixabay Pixabay
Сондай-ақ, балаларды ата-аналары мектепке өздері алып келіп, өздері алып қайтуы тиіс.

Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Ләззат Жылқыбаева кезекші сыныптар туралы толық мәлімет берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі күні 1-2 сынып бойынша 193 топ ашылды, оларда 1 977 бала оқитын болады. Кезекші сабақтарды мектеп әкімшілігі бекіткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныптарда білім ала алады. Балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері өз балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: бетпердемен, қолды зарарсыздандырушы антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтармен, - деді Жылқыбаева онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, ата-аналар балаларына әлеуметтік алшақтықтың қажеттілігі туралы үнемі ескертіп отыруы керек. Сондай-ақ, балаларды ата-аналары мектепке өздері алып келіп, өздері алып қайтуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз