Құрылыс саласында лицензиаттардың электрондық тізімі құрылуда

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Бұл құрылыс және жобалау ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп Лицензиаттардың бірыңғай тізілімін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Тізілімде лицензиат лицензия алған кезде ұсынатын барлық деректер (аттестатталған инженерлік-техникалық құрам; материалдық-техникалық жарақтандырылуы; өндірістік база, іске асырылған объектілері, жұмыс тәжірибесі) көрсетіледі.

Осы тізілім деректерді қайта тексеру және өзектендіру үшін басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады.

Аталған шараларды іске асыру құрылыс және жобалау ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені барлық деректер ашық, қолжетімді болады.

Өз кезегінде, бұл шаралар Техникалық қадағалау мен техникалық тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік қызмет сияқты толық автоматтандырумен құрылыс саласында лицензия беру рәсімін барынша оңтайландырады.

2019 жылы Министрлік аталған мемлекеттік қызметті толығымен автоматтандырған еді. Өтінімдер қаралып, нәтижелері 20 минут ішінде адам факторының әсерінсіз толықтай компьютермен беріледі. Ол үшін Egov.kz үкімет порталымен ықпалдастыра отырып тиісті тізілімдер автоматтандырылды.

Бүгінгі таңда Министрлік нақты шаралар мен мерзімдері көрсетілген Жол картасының жобасын әзірлеп, келісу үшін тиісті органдарға жіберді.Жол картасын 2021 жылы іске асырылады.

ҚР Премьер-Министрінің 2019 жылғы 27-28 қарашадағы хаттамалық тапсырмасын орындау бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Әділет министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірге қолда бар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын, әрбір лицензиат бойынша толық мәліметтерді қамтитын және белсенді емес ұйымдарды анықтауға мүмкіндік беретін құрылыс саласындағы лицензиаттардың бірыңғай электрондық тізілімін құру мәселесін қарастыру тапсырылған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз