Жаңалықтар тізбегі
0

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды

ttjk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2020 17:58 ttjk.kz
Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жаңартуға мүмкіндік береді.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды, деп хабарлайды "Хабар-24".

Университет 1992 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістанда құрылды және бүгінде Қазақстандағы жалғыз халықаралық университет болып табылады. Университет халықаралық корпоративтік басқарудың бірегей жүйесіне Үкіметаралық өкілетті кеңеске, Сенатқа және Басқарушы кеңеске ие. Білім беру қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Бүгінгі күні әлемнің бірде бір мегаполисі бірегей мазмұнмен толтырылған және сұранысқа сай кәсіби мамандар даярлауды дамытудың бағыттарын анықтайтын ғылыми және білім беру мекемесі болмаса, экономикалық орталық бола алмайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге, яғни білім беру сапасын арттыруға, оның халықаралық стандарттарға сай болуына, ғылым мен білімнің интеграциясына баса назар аударып отыр. Бұл әсіресе, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы болу және Түркістан облысының білім беру - ғылыми хабы ретінде даму міндеттері тұрған Түркістан қаласы үшін өте маңызды.

Университеттің ерекше мәртебесі оған үлкен академиялық және басқарушылық дербестік бере отырып, Ph.D. философия докторы мен сала бойынша доктор дәрежесін тағайындауға, білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және жеке үлгідегі дипломдарды беруге мүмкіндік жасайды. Білім беру грантының құны да артатын болады. Бұл профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жаңартуға мүмкіндік береді.

Бұл шаралардың барлығы университетке ғылыми және педагогикалық кадрларды тартуға, осы аймақтың дамуына серпін беріп, оның алдына қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: