Жаңалықтар тізбегі
0

Былтыр ақылы жолдар халықтың қалтасынан 5 млрд теңге сыпырып алды

yujanka.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2020 22:56 yujanka.kz
Бір жыл ішінде (2019 жылы) барлық ақылы учаске бойынша 10,5 млн автокөлік жүріп өткен.

Бүгінгі күні елімізде жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы учаске бар. Бұл Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдары, деп хабарлайды zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақылы учаскелердегі төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен, автокөліктің жүк көтергіштігіне байланысты бекітілген. Өткізу пунктінде кептелісті болдырмас үшін алдын-ала төлем жүйесі енгізілген. Жеңіл автокөліктер үшін арнайы дифференциалды тариф те бар. Яғни, алдын-ала төлем жасаған автокөліктердің төлемақысы екі есе арзан. Сондай-ақ, ақылы автожолдың маңайындағы елді мекендерде тіркелген автокөліктерге құны 1000 теңгені құрайтын 1 жылдық абонемент қарастырылған.

2019 жылдың қорытындысы бойынша төрт ақылы учаскеден жиналған қаражат 5 389 млн теңгені құрады. Оның ішінде: "Нұр-Сұлтан-Теміртау" - 1 729 млн теңге, "Нұр-Сұлтан-Щучинск" - 1 700 млн теңге, "Алматы-Қорғас" - 988 млн теңге және "Алматы-Қапшағай" 972 млн теңге. Сондай-ақ, бір жыл ішінде (2019 жылы) барлық ақылы учаске бойынша 10,5 млн автокөлік жүріп өткен.
"Автомобиль жолдары туралы" Заңына сәйкес:

Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша мыналарға:

1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;

2) жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін енгізу және орнату мақсаты үшін тартылған инвестицияларды қайтаруға;

3) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға;

4) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) күтіп-ұстау үшін жол-пайдалану техникасын сатып алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.

Осылайша, жиналған 5 389 млн теңге және 77,8 млн теңге көлеміндегі қосымша табыс төмендегілерге жұмсалды:

- 2 690,1 млн теңге автожолды күтіп-ұстау және жөндеуге;

- 1 401,3 млн теңге бағдарламалық-аппараттық кешенді күтіп-ұстауға;

- 594,6 млн теңге қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығына;

- 14,2 млн теңге қосымша шығындарға;

- 543,4 млн теңге жол-пайдалану техникасы мен төлем қабылдау пунктіне қажетті жабдықтарға;

- шығыннан артылған 223,2 млн теңге көлеміндегі қаражат республикалық бюджетке аударылды.

2019 жылы бағдарламалық-аппараттық кешенді жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан-Щучинск" ақылы автожолын жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды "Ақылы автомобиль жолдары Дирекциясы" филиалы жүргізді. Ал, "Нұр-Сұлтан-Теміртау", "Алматы-Қапшағай" және "Алматы-Қорғас" учаскесіндегі жұмыстарды "Қазақавтожол" ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: