Жыл соңына дейін Алматыдағы "Алтын Орда" бойындағы жол толықтай қолданысқа беріледі

Almaty.tv Almaty.tv
Сондай-ақ жыл соңына дейін жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті көпірі құрылысын аяқтау да жоспарланған.

"Алтын-Орда" базары бойындағы он жолақты үлкен жол жыл соңына дейін толықтай ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы жылдың соңына дейін жол учаскенің бүкіл жолағын ашу, жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өткелдері мен өзге де мұндағы құрылыстарды аяқтау жоспарланып отыр, - делінген "ҚазАвтоЖол" таратқан хабарламада.

Жол құрылысы учаскесінің ұзындығы - 3,86 км. Жол салумен "Дәулет-Дорстрой" ЖШС айналысуда. Жолды толықтай пайдалануға берудің нақты күні әлі жарияланған жоқ.

Жоба "Апорт" сауда орталығы, "Алтын Орда" базары және "Асыл-Арман"тұрғын үй кешені маңынан жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір, жолды 10 жолаққа дейін (екі бағытта 5 жолақ), кеңейту, бір орама жол, Ақсай өзені үстіндегі көпірді қамтиды. Он жолақты жол мен жолайрық құрылысы 2017 жылы басталды. Ол 2019 жылдың күзінде пайдалануға берілуі керек еді, бірақ бірқатар себептермен құрылыс кешіктіріліп келеді. Бұл жол Алматы - Бішкек тас жолының бір бөлігі болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз