Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жыл соңына дейін электр қуатының тарифтері көтерілмейді

Алматы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2020 04:17 Алматы ӨКҚ
Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы өспейді.

Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жыл соңына дейін электр қуатының тарифы өспейді", - деп сендірді Ә.Масабаев.

Сонымен қатар, ол төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, қалада жылыту маусымына дайындалып жатқандығын атап өтті.

"Үш жыл ішінде 1986 жылдан бері жөнделмеген Төле би көшесінің жылу магистралінің үлкен бөліктері ауыстырылды. Бұл жұмыс мамыр айында басталды. Біз барлық жабдықтарды, құбырлар мен жылу желілерін тексердік. 200-ден астам зақымдалған жерлер анықталды. Олардың 80% жөнделді. Қалғанын қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз ", - деді Ә.Масабаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: