Алматыда 2019 жылдан бастап электр энергиясының тарифтері төмендейді
Электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы бағалардың өзгеруіне байланысты "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап электр энергиясына тарифтердің төмендегені туралы хабарлайды.
Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін келесі тарифтер қолданылады:
1. Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр энергиясына экономикалық негізделген тариф ҚҚС-сыз 1 кВтс. үшін 15,90 теңге (12% ҚҚС-мен 1 кВтс. үшін 17,81 теңге).
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 20.02.09 жылғы №57-НҚ бұйрығымен бекітілген Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес есептелген электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын Алматы қаласы мен Алматы облысының жеке тұлғаларының электр энергияны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтің мөлшерлемелері:
- бірінші деңгейдегі тариф – 1 кВтс. үшін ҚҚС-сыз 14,76 теңге (1 кВтс. үшін ҚҚС-мен 16,53 теңге);
- екінші деңгейдегі тариф – 1 кВтс. үшін ҚҚС-сыз 19,08 теңге (1 кВтс. үшін ҚҚС-мен 21,37 теңге);
- үшінші деңгейдегі тариф – 1 кВтс. үшін ҚҚС-сыз 23,85 теңге (1 кВтс. үшін ҚҚС-мен 26,71 теңге).
3. Тұтынылған электр энергиясының есеп айырысуларына экономикалық негізделген тарифке тең тариф 1 кВтс. үшін ҚҚС-сыз 15,90 теңге (1 кВтс. үшін ҚҚС-мен 17,81 теңге) келесі тұтынушылардың санаттары үшін белгіленеді:
- тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді пайдаланбайтын тұрмыстық тұтынушылар;
- электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.