Алматы мен Алматы облысында электр энергиясының тарифтері өзгерді
Сурет: freepik
2025 жылғы 1 қазаннан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы – "Энергосбыт" электр энергиясының бөлшек саудадағы шекті бағасының көтерілгенін хабарлады. Енді 1 кВтсағ. құны ҚҚС-сыз 34,31 теңге, ҚҚС-пен 38,43 теңге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы - "Энергосбы" 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін тарифтердің өзгергені туралы хабарлайды, бұл:
- 2025 жылғы 1 тамыздан бастап "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өңірлік деңгейдегі желілер бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге тарифінің;
- 2025 жылғы 1 сәуірден бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ желілері бойынша электр энергиясын беру қызметіне тарифінің өсуіне байланысты.
Тұтынушылар топтары бойынша:
1-топ: электр энергиясын тауарларды, жұмыстарды өндірумен (сатумен) және қызметтер көрсетумен байланысты емес, өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 30,26 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 33,89 теңге), тарифтің төмендеуі 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданыстан енгізіледі;
2-топ: электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарынан тыс пайдаланатын тұтынушылар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 36,70 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 41,10 теңге), 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі;
3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 35,08 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 39,29 теңге), 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі;
4-топ: арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың аумағында орналасқан тұтынушылар, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары және оның ведомстволары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 31,85 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 35,67 теңге), өзгеріссіз.
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланатын жеке тұлғалар мен тұтынушылар үшін пәтерде/үйде тұрақты тұратын, электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын әрбір адамға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф, тарифтің төмендеуі 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі:
1 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 27,46 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 30,76 теңге);
2 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 36,29 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 40,64 теңге);
3 деңгейдегі тариф – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 45,37 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 50,81 теңге).
Электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұтынушылардың тарифтік жоспарын таңдауы әлі де тиісті өтініш беру арқылы өздігінен жүзеге асырылады.
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының тұтынушылары үшін тұтынылған электр энергиясы бойынша есеп айырысуларға электр энергиясын өткізу қызметтерінің тарифі – 1 кВтсағ. үшін ҚҚС-сыз 16,44 теңге (1 кВтсағ. үшін ҚҚС-пен 18,41 теңге), тұтынушылардың келесі санаттарына арналған:
- 1-топ: электр энергиясын өздерінің тұрмыстық мұқтаждары үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар;
- 2-топ: электр энергиясын тұрмыстық мұқтаждарынан тыс пайдаланатын тұтынушылар;
- 3-топ: мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript