Ресейде "Цой" фильмі дау туғызып жатыр

видеодан кадр видеодан кадр
Өлген Цойды екі әйел зиратқа апарады.

Ресейлік режиссер Алексей Учительдің "Цой" атты фильмі үлкен дау туғызып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Фильмнің премьерасы осы күзге жоспарланған. Бірақ әйгілі әнші Виктор Цойдың ұлы мен әкесі бұл фильмнің прокатқа шығуына жол бермеуді сұрап, Владимир Путинге дейін барып отыр.

Басында "47" деген атаумен түсіріліп жатқан фильмнің атауын режиссер енді "Цой" деп өзгертіп жіберген екен.

Фильмде Цой жол апатынан қайтыс болғаннан кейін оның денесін әйелі мен марқұмның соңғы махаббаты болған тағы бір әйел автобусқа салып, алып кетеді.

Цойдың туыстары фильмнің сценарийін тым тұрпайы санап, режиссер "біздің зияткерлік құқықтарымызды бұзып отыр" деп шағымдануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз