Алексей Цой президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Алексей Цой , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 14:31 Сурет: primeminister.kz
Бүгін, 2025 жылдың 14 қазанында, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкімімен Алексей Цойды Мемлекет басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қыхметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпартта.

Алексей Владимирович Цой 1977 жылдың 2 сәуірінде Шымкент қаласында дүниеге келген.

Ол Sels College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Данекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының жоғары корпоративтік басқару мектебін және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын хирург-эндоскопист ретінде бастаған.

2007–2010 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығын басқарған.

2010–2011 жылдары — Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы болды.

2011–2014 жылдары — Астана қаласындағы №1 қалалық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі болып еңбек етті.

2020 жылы — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, ал 2021 жылы бұл қызметке қайта тағайындалған.

2022 жылдың 31 қазанында — Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы лауазымына тағайындалды.

Алексей Цой — жоғары білікті дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік басқару саласында үлкен тәжірибесі бар маман.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: