Президенттің жаңа кеңесшісі Алексей Цой тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған Алексей Цой өз тағайындалуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 11:53 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған Алексей Цой өз тағайындалуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Instagram парақшасында бұл лауазымның өзіне жүктелген үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

"Елімнің игілігі үшін қызмет ету және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатты әзірлеу мен іске асыруға үлес қосу – мен үшін үлкен мәртебе. Президент істері басқармасы Медициналық орталығы жүйесіндегі әріптестеріме денсаулық сақтау мен білім беру салаларын дамыту жолындағы жылдар бойғы жемісті және үйлесімді жұмысы үшін ерекше алғыс білдіремін. Жинаған тәжірибе мен сіздердің қолдауларыңыз – осы жаңа маңызды миссияның берік іргетасы болды. Алда ауқымды міндеттер тұр. Негізгі әлеуметтік мәселелерді шешу және қуатты әрі өркендеген Қазақстанды қалыптастыру мақсатында сарапшылармен, азаматтық қоғаммен және әріптестермен тығыз жұмыс істеуге ниеттімін", – деп жазды ол.

Айта кетсек, Алексей Цойдың президент кеңесшісі болып тағайындалғаны 2025 жылғы 14 қазанда белгілі болды.

Ол 2022 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметін атқарып келген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: