Сенат депутаты "тоқал институтын" заңдастыру ұсынысына пікір білдірді

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 13:52 Фото: pixabay
Сенат депутаты Жанна Асанова Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның "тоқал институтын" заңдастыру жөніндегі бастамасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қараша 2025 жылы Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Асанова бұл мәселеде басты назар заңға аударылуы тиіс екенін атап өтті:

"Барлығын заң аясында айту керек. Біздің Конституцияда неке институты бекітілген, онда бәрі анық жазылған", – деді ол.

Сенатордың айтуынша, бұл тақырыптағы өзге пікірлер тек жеке көзқарас болып табылады.


"Мен некедегі зайырлы қарым-қатынастарды қолдаймын", – деп қосты Асанова.

Айта кетейік, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа түзету – "Неке қиюға мәжбүрлеу" бабы күшіне енген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: