MAGNUM-ға бойкот: Мәжіліс депутаты даулы мәселеге қатысты пікір білдірді

MAGNUM-ға бойкот: Мәжіліс депутаты даулы мәселеге қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 16:55 Сурет: parlam.kz
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев ел арасында дауға ұласқан "MAGNUM" желісіндегі келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазнетте Magnum желісінің курьерінің жұмыстан қуылуы ерекше талқыға түсті. Кикілжің қызметкердің қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен басталған. Кейін белгілі болғандай компания басшылығы оны жұмыстан шеттеткен. Бұл халық арасында қызу пікір-талас туғызып, тіпті компанияға бойкот жариялауға дейін жеткізген. Осы жағдайға қатысты журналистер мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевқа сауал қойды.

Депутат ең алдымен бұл мәселеде, манипуляцияға жол беруге болмайтындығын ескертті.

"Мен бұл мәселені зерттедім, қарадым. Бұл тек Еңбек кодексі аясында реттелетін дүние. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының қарым-қатынасы. Одан бір саяси, қоғамдық резонанс тудырып, қазақ тілі қорланып жатыр деген әңгіме емес",- деді ол.

Оның айтуынша, бұл бар болғаны екі қазақ баласының арасындағы конфликт.

"Бұл – жеке бастың дауы. Оны жазып алған бейнекамералар жоқ. Қандай әңгіме айтылғанын біз білмейміз. Сол себептен, менің ойымша, Магнум да, қоғамдағы көп белсенділер де тек манипуляцияға алданып отырған сияқты". Елнұр Бейсенбаев

Мұнымен қоса, халық қалаулысы "MAGNUM" желісі ел ішіндегі кәсіпкер екенін, онда қаншама қазақ жастарының жұмыс істеп, нәпақасын тауып жүргенін айтты. Сондай-ақ, ол бойкот жариялап, халықты күн көрісінен айыруды дұрыс емес деп санайтынын баса айтты.

Өз кезегінде БАҚ өкілдерін де жалған ақпарат таратпауға шақырды.

"Сіздер де, бұқаралық ақпарат құралдары, осындай тексерілмеген, нақты ақпараты жоқ, баяғыда айтатын еді ғой "самаурыннан су кетті десе, Самарқандты су алды деген" әңгіменің пұшпағында кетудің қажеті жоқ. Қою керек қой ондай нәрсені. Ол біздер Парламентте немесе сіздер талқылайтын дүние емес",- деп қорытындылады депутат.

Бұған дейін Абай облысында мектеп директорының мұғалімдерді ауыр жұмысқа жеккендігі жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: