Ернар Лазар президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 15:04 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ернар Лазарды халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған құжат Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды. Онда Ернар Лазардың бұрынғы қызметінен босатылып, жаңа лауазымға кіріскені көрсетілген.

Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ернар Мерғалымұлы Лазар -1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, халықаралық қатынастар магистрі.

2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетін "халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінде бастаған.

2007-2010 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;

2011- 2013 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы;

2013-2017 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы екінші, бірінші хатшысы;

2017-2018 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саяси және халықаралық байланыстар бөлімінің консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2023 жылы 11 шілдеде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: