Жаңалықтар тізбегі
0

Ернар Баспаев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Ернар Баспаев Сурет: akorda.kz
Ернар Баспаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды".

Ернар Баспаев 1979 жылы туған.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.

  • 2002-2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары;
  • 2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
  • 2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі;
  • 2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;
  • 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
  • 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз