Ернар Баспаев ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының жарлығымен Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", – деп жазылған ҚР президентінің ресми сайтында жарияланған жарлықта.
Ернар Баспаев 1979 жылы туған.
Білімі:
Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы бойынша заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Авторлық құқықтар жөніндегі комитеттің жетекші маманы болып бастаған.
- 2002-2006 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бас маманы, басқарма бастығының орынбасары;
- 2006-2010 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің басқарма бастығы, Жоғарғы Сот аппаратының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
- 2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің жетекшісі;
- 2013-2019 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;
- 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
- 2022 жылғы 13 сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
- 2022 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript