Жаңалықтар тізбегі
0

Ержан Қазыхан ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды

Тағайындау Сурет: akorda.kz
Ержан Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалсын, делінген Ақорда хабарламасында.

Ержан Қазыхан мемлекеттік қызметкер, тарихшы-шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесі бар дипломат.

Ол 1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туылған.

Білімі мен білігі:

  • Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітірген (1987).

  • Мамандығы: Тарихшы-шығыстанушы. КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы Үндістан халықаралық қатынастар институты I-ші дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесі бар (10.2005)

  • Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерін менгерген.

    Еңбек өтілі:

  • 1987 - 1989 жылдары Кеңес Әскери Армиясында қызметінде болды.

    1989 - 1992 жылдары. ҚазКСР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.

    1992 - 1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары,

    1995 - 2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

    2000 - 2003 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

    2003 - 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

    2007 - 2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

    2008 жылы ақпаннан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

    2009 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

    2011 жылы ақпан – сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

    2011 жылы сәуір айының 11-ші жұлдызы - 2014 жылғы 17 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі.

    2014 жылы 17 қыркүйек - 2017 жылы ақпан аралығында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    2017 жылы ақпан - 2021 жылдың 5 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарында Төтенше және Өкілетті Елшісі;

  • 2021 жылы 5 сәуірден осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымын атқарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз