Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда коронавирустың екінші толқыны бұрқ ете түсті

tsn.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2020 15:59 tsn.ua
Министр елдің жаңа провинцияларында - Газиантеп, Санлиурфа, Мардин, Эрзурумда инфекцияны жаңадан жұқтырушылар көптеп тіркеліп жатқанын айтты.

Түркиядағы коронавирус пандемиясы екінші шыңына жетті, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді.

- Пандемия жалғасуда, инфекция жұқтырушылар саны күн сайын көбейіп келеді. Біз бірінші толқынның екінші шыңын бастан өткеріп жатырмыз. Анкара, Ыстамбұл, Измир, Бурса әлі де тәуекелдің ең жоғары деңгейіне жатады, - деді Қожа журналистерге.

Ол елдің жаңа провинцияларында - Газиантеп, Санлиурфа, Мардин, Эрзурумда инфекцияны жаңадан жұқтырушылар көптеп тіркеліп жатқанын айтты.

Министрдің мәліметтеріне сәйкес, сәрсенбіде Түркияда КВИ жұқтырудың 1 596 жаңа жағдайы тіркелді, бұл - 15 маусымнан бастап күн сайынғы ең үлкен өсім. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 273 301-ге жетті, пандемия басталғаннан бері тәулігіне 45 адам қайтыс болды, барлығы - 6 462.

Министр бір күн бұрын Түркияда КВИ анықталған адамдардың саны тәулігіне 1 572-ге артқанын, 47 науқас қайтыс болғанын, бұл олардың 15 мамырдан бергі тіркелген ең үлкен көлем екенін мәлімдеді.

Қазір коронавирусқа шалдыққандардың ең көбі - Анкарада, мұнда науқастар саны Ыстамбұлға қарағанда екі есе көп, - деді Қожа.

- Сондықтан біз Анкарада көбірек жұмыс істеп жатырмыз, әсіресе әлеуметтік қашықтыққа қатысты іс-қимылдар жасай бастадық. Белгілі бір жастан асқан адамдарға әртүрлі мекемелерге кіруге тыйым салынады. Бірақ әзірге күн тәртібінде коменданттық сағат сияқты шараларды қолға алу жоспары жоқ, - деді Денсаулық сақтау министрі.


Оның айтуынша, пандемия уыстан шығып кетті, ырық бермей жатыр деп айтуға әлі ерте, бірақ "кейбір провинцияларда жағдай қиын".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: