Францияда коронавирустың жетінші толқыны күшейіп жатыр
Сурет: pixabay
Елдің Денсаулық сақтау министрі Франсуа Брон Францияда күн сайын 120 мыңға жуық ауру анықталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетінші эпидемия толқыны кейінгі күндері күшейді. Біз өткен аптада орташа есеппен күн сайын шамамен 120 мың жағдайды анықтадық. Сонымен қатар бүгін түнде жұқтырғандар саны 200 мыңнан сәл асады деп болжанды, – деп келтіреді РИА Новости министрдің сөзін.
Францияда пандемия басталғаннан бері барлығы 30 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды деп тіркелді.
Италияда да жағдай осындай. Өткен тәулікте елде COVID-19 індетінің 130 мыңнан астам жағдайы анықталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript