Президент Райымқұловаға бұқаралық спортты дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді

Ақорда Ақорда
Сондай-ақ Президент латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік қызметінің қорытындылары, атап айтқанда, мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері, архивтер бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижелері туралы есеп берілді.

Мәдениет және спорт министрі бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтіп, мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы айтты. Қазірдің өзінде мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жергілікті жерлерде 35%, ал республикалық деңгейде 50% артқан. Бұдан бөлек, министрліктің пандемия кезінде өткізген онлайн шаралары жөнінде де мәлімет берді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Президентке қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындығы, жаңадан ашылғалы жатқан Туризм және меймандостық университетінің жұмысы жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, ел арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, оны одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ Президент латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз