Президент қазақ тілділерге қаратып, сөз айтты
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің латын графикасына көшуі Тәуелсіздіктің жемісі екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін білу біртұтас ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қадам екенін баса айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Президент көпшілікті тіл үйренуге ұмтылған барлық отандастарын қолдауға шақыратынын тағы да жеткізді.
Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат өз білгенінқазақ тілін үйренгісі келетін достарымен, әріптестерімен, таныстарымен бөліссін. Бұл игі іс біздің өзара сыйластығымызды айқындап, бірлігімізді нығайта түсетіні сөзсіз, деп санайды Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің латын графикасына көшуі Тәуелсіздіктің жемісі екенін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript