Желіде танымал болған өнерлі бала: Екі үлкен арманым бар

Youtube Youtube
Домбыра, гитара, электронды рояль сынды түрлі музыкалық аспапта ойнай білетін Өрістің кәсіби музыкалық білімі жоқ болып шықты. Соған қарамастан ол өз өңіріндегі түрлі ән байқауларының бас жүлдесіне ие болған.

Желіде "Қарғам-ау, қайдан келдің, қайдан көрдім" деген әнді әуелетіп шырқап, көптің көңілінен шыққан бала жайлы егжей-тегжейлі мәлімет жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Баланың толық-аты жөні - Өріс Төлегенұлы. Ол бүгіндері Шыңжаң Ұйғыр Автономды ауданының Iле облысына қарасты Нылқы ауданының Қаратөбе ауылы Қараой қыстағында тұрады. Жасым 13-те. Әкесінің аты - Төлеген Қайнашұлы, анасы - Күлiмхан Райымбекқызы. Отбасында үш бала. Ол - кенжесі. Оның екі ағасы бар екен. Бұл туралы Өріс Төлегенұлының өзі ҚазАқпаратқа берген сұқбатында айтты.

Өз сұқбатында 3 жасынан бастап домбыра шертетін бала кейде музыкалық аспапты құшаған күйі ұйықтап қалатынын айтыпты. Содан-ақ оның музыкаға жан-тәнтімен берілген, тума талант екенін аңғаруға болады. Домбыра, гитара, электронды рояль сынды түрлі музыкалық аспапта ойнай білетін Өрістің кәсіби музыкалық білімі жоқ болып шықты. Соған қарамастан ол өз өңіріндегі түрлі ән байқауларының бас жүлдесіне ие болған.

- Конкурстарға жиі қатысып тұрамын. Мектепте көптеген жүлделі орындарға ие болдым. Өзім үшін маңыздысын айтар болсам, 2018 жылы ШҰАР-да ұйымдастырылған балалар арасындағы өлкелік ән байқауында бірінші орын алдым. Іле облысында балаларға арналған байқауда бірінші орын алдым, - дейді ол.

Бала Өрістің үлкен екі арманы бар. Біріншісі, екі көзін емдетіп, соған қатты қам жейтін ата-анасының көңілін тыныштандыру, екіншісі Димаш Құдайберген ағасы секілді үлкен сахналардан көрініп, өнерін, қазақтың домбырасының тиегінен шыққан әуезді - бүкіл әлемге паш ету.

- Анамның айтуынша, 8 айлық кезімде көзімнің қарашығына ақ түсіпті. Ата-анамның қолының қысқалығынан уақытында емдетудің мүмкіндігі болмапты. 5 жасымда Құлжа қаласында екі көзіме ота жасатты. Оң көзім бұлдыр көреді, ал сол көзімнің қарашығының ішіне әйнек салған, жақын аралықты көреді. Өткен жылы тағы бірнеше рет дәрігерге қаралдық. Көздің қуаты өте әлсіз екенін, тағы да ота жасату керектігін айтады. Алайда Құлжа қаласының дәрігерлері бұл ота арқылы толық жазылатыныма кепілдік бере алмай отыр. Үлкен қалаларға барып көрсету керектігін айтады, - дейді бұл ретте өзі.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз