Жаңалықтар тізбегі
0

Жаркенттік суретші қыз Жасмин Назар

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 17:40 Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
ҚР Ішкі істер министрлігінің арнайы сыйлығына ие болды.

Алматы облысының тәртіп сақшылары Жаркент қаласының кішкентай тұрғынына Ішкі істер министрлігінің арнайы сыйлығын табыстады. 12 жастағы Жасмин Назар бейнелеу өнеріне жақын жасөспірімдер арасында республикалық дүбірлі додада топ жарып, жануарлар әлемін қорғау тақырыбында сурет салуда ізденімпаздығымен ерекшеленген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жануарлар – біздің достарымыз және адамдар оларға қамқорлық танытуы керек. Осы ұран аясында өткізілген шараға балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Сайын ұйытқы болды. Дүбірлі жарысқа еліміздің түпкір-түпкірінен бірнеше жүз бала бағын сынаған. Жарыста бабы мен бағы қатар шапқандар жеңімпаз атанатыны анық. Жаркент қаласының 12 жасар бүлдіршіні Жасмин Назар да ізденімпаздығымен көзге түсіп, Ішкі істер министрлігінің бағалы сыйлығына ие болды. Мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан өнерлі қыз талантының шексіз екенін дүйім жұртқа дәлелдеді. Жерлесіміз үшін қуаныштымыз және бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне тілектеспіз", - деп атап өтті Панфилов ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Руслан Керімқұлов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 17:40

Қылқалам шеберлері бақ сынаған байқауға Жасмин салған суреттердің ішіндегі ең таңдаулыларын жіберген. Өйткені 12 жасар қыз қылқаламды 2 жасынан бастап серік еткен екен.

"Мен кішкентай кезімнен сурет салғанды ұнатамын. Бүгін жеңіске жаткеніме өте қуаныштымын. Сурет салып жатқанда ішімде көбелек ұшып жүргендей көрінеді. Мен барлық толғанысым мен қиялымды сурет арқылы бейнелеймін. Сүйікті ісіммен айналысуға жағдай жасап жатқан ұстазым мен ата-анама алғысым шексіз. Сыйлық үшін көп рахмет", - қуанышын жеткізді жас суретші Жасмин Назар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 17:40

Жасминнің ата-анасының айтуынша, суретші қыз 2 жасынан бастап суретке құмар екенін танытқан. Басында оны жай ғана қызығушылық деп қабылдағанымен, кейін салған суреттерін кәсіби мамандарға көрсеткенде, баланың таланты бар екенін және оны одан әрі дамыту қажеттілігін түсінген. Соңғы 5 жылдан артық уақыт Жасмин шығармашылығымен кәсіби ұстаз айналысуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 17:40

Осындай байқаулар көп болса, балалар үлкен қуанышпен қатысып, өздерінің таланттарын көрсетуге зор мүмкіндік алар еді,- деп атап өтті суретші қыздың анасы.

Тәртіп сақшылары балалар шығармашылығын дамыту мақсатындағы түрлі байқауларды одан әрі жалғастыруды жоспарлауда. Оның қатарында бейнелеу өнері де бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 17:40

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: