Жаңалықтар тізбегі
0

"Патруль" телехикаясы арнайы сыйлық алды

Кино үздік шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 16:00 Сурет: НТК телеарнасы
НТК арнасының «Патруль» телехикаясы Астана қаласында өткен «Наурыз» Ұлттық телехикаялар байқауының арнайы сыйлығына ие болды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылған бәйгеге 250-ге жуық өтініш түскен. Елімізге танымал режиссерлер мен продюсерлерден құралған қазылар алқасы олардың арасынан 52 жобаны іріктеп, 13 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Ал "Патруль" телехикаясы "Үздік комерциялық жоба" ретінде қазылар алқасының арнайы марапатына ие болды. Еске салсақ, 2022 жылы НТК арнасы мен Польшалық «Polot media» компаниясы «Патруль» жобасының форматын әрі қарай өндіру үшін келісімге қол қойған болатын. Осылайша Қазақстан телевизия тарихында тұңғыш рет отандық команда дүниеге әкелген сериал мен оның сценарийі шетелдік аудиторияға франшиза ретінде сатып алынды.

«Патруль» жобасы 2015 жылы көрерменге жол тартып, қазіргі таңда 6 маусымы жарық көрді. Көптің көзайымына айналған телехикаяда полиция қызметкерлерінің қызыққа толы өмірі суреттеледі. Осы жылдар ішінде телехикаяны қазақстандық аудитория ғана емес, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан көрермені де тамашалаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: