Аты аңызға айналған "Патруль" телехикаясының жетінші маусымы 3 наурыз НТК арнасында көрерменге жол тартпақ

Көрерменнің көзайымына айналған "Патруль" телехикаясы көгілдір экранға қайта оралды! 3 наурыз НТК арнасында көптен күткен 7-маусымның алғашқы бөлімі көрсетіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 15:38 Сурет: НТК телеарнасы
Көрерменнің көзайымына айналған "Патруль" телехикаясы көгілдір экранға қайта оралды! 3 наурыз НТК арнасында көптен күткен 7-маусымның алғашқы бөлімі көрсетіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

НТК телеарнасының бас директоры Саида Игенбектің айтуынша, "Патруль" телехикаясы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, нағыз халықтық туындыға айналды. Сериалдың өткен маусымдары әлі де сұранысқа ие болса, су жаңа маусым ерекше болмақ.

Бұл жолы "Патруль" Семейге аттанып, онда бас кейіпкерлер күрделі тапсырманы орындайды. Алайда, істі бастамас бұрын, олар көптеген сынақтан өтіп, бастықтарының сеніміне ие болуы керек".

Сурет: НТК телеарнасы

Жаңа маусымда телехикаядағы оқиғалар Абай облысында өтіп, туындыны бұрыңғыдан да қызықты ете түспек. Су жаңа лентадағы сюжет желісі ел президентінің сол аймақтағы сапары негізінде құрылады. Бұл оқиға сериал кейіпкерлерінің үлкен арманына айналады. Себебі, маңызды күнде мемлекет басшысының жанында жүру – құрметті борыш. Алайда, шеф өзінің қоластындағы қызметкерлерінің күмәнді беделінен қорыққандықтан, оларды бұл қызметтен шеттетуге шешім қабылдайды. Нәтижесінде полицей қызметкерлеріне кортедж жанында жүру үшін талай қиындықты еңсеріуге тура келеді. Ал оқиғаның бәрі "Патрульдың" ерекшелігіне айналған әзіл-қалжыңмен бірге өрбиді.

Жаңа маусымның тағы бір басты ерекшеліктерінің бірі – актерлық құрам. Картинада сүйікті қазақстандық жұлдыздар ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейдегі атақты жұлдыздар да бар.

Сурет: НТК телеарнасы

Сериалда алғаш рет актерлер, музыканттар, блогерлер және басқа да танымал тұлғалар төбе көрсетіп, сюжетке ерекше атмосфера береді. Басты рөлден эпизодқа дейінгі барлық рөлдерді тек атақты адамдар сомдайды, бұл сериалдың жаңа маусымын шынымен ерекше және қызықты ете түспек.

Түсірілімге қатысқан актерлердің қатарында Әділжан Шомбалов, Медет Аманбаев, Еділ Анарбай, Рүстем Омаров, Айдар Кәрімбаев, Бексұлтан Пилал, Ділшат Имамдунов, Санжар Мәди, Әсел Сағатова, Гүлнара Селбаева, Динара Сатжан, Азамат Рзағалиев, Әбілмансұр Серіков, Ерден Телемісов, Әбунасыр бар Серіков, Асан Мәжит, Жандос Айбасов, Роберт Күн, Ренат Мұхамбаев, Ерболат Тоғызақов, Болат Қобыланды, сондай-ақ IMANBEK, Тамби Масаев, Шәріп Серік және Қарлығаш Мұхамеджанова бар.

Тамби Масаев пен Иманбекті атап өтпеске болмас. Олар телехикяға ерекше серпін сыйлайтын хэдлайнер ретінде жаңа маусымда маңызды рөл атқарады.

Сурет: НТК телеарнасы

"Патрульдің" жетінші маусымынан қапы қалмаңыз! Телехикая сізге жарқын эмоция, көтеріңкі көңіл-күй және әрине, ұмытылмас әзіл сыйлайды!

Телехикая Salem Social Media және BAS Pro-мен бірлесе түсірілді.

Көрерменнің көзайымына айналған "Патруль" телехикаясы көгілдір экранға қайта оралды! 3 наурыз НТК арнасында көптен күткен 7-маусымның алғашқы бөлімі көрсетіледі., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2025 15:38

Сурет: НТК телеарнасы

Телехикаяның премьерасы 2025 жылдың 03 наурызында НТК телеарнасында өтеді.

  • Эфир уақыты – 20:00 (дүйсенбі мен бейсенбі аралығы).
  • Эпизод саны: 12
  • Ұзақтығы: 25 минут
  • Тілі: орысша

Серіктестік ақпарат

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: