Бектенов аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыштың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Бектенов аты аңызға айналған қазақстандық ұшқыштың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2025 10:38 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында аты аңызға айналған ұшқыш, ҚР авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында аты аңызға айналған ұшқыш, ҚР авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Талғат Бегелдинов соғыс жылдарында әуеде 500 сағатқа жуық ұшып, 305 рет әскери шабуылға шыққан, жаудың 7 ұшағы мен көптеген әскери техникасын талқандады. Сәтті орындалған барлау операцияларының нәтижесінде ол үздік әуе барлаушыларының бірі ретінде танылды. Батыр Қазақстанның азаматтық авиациясын дамытуға, инфрақұрылым салуға және кәсіби мамандар даярлауға зор үлес қосты. 

Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен барша майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: