Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Гүл шоғын қою, Астана, Мәжіліс төрағасы, Талғат Бигелдинов , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 11:37 Сурет: Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленген Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы, Талғат Бигелдинов, Астана, гүл шоғын қою, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 11:37

Сурет: Ж.Жұмабеков, Т.Таныбаев

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – қазақтың маңдайына біткен даңқты ұшқышы, авиация генерал-майоры. 305 рет әскери шабуылға шығып, ерліктің шынайы үлгісін паш еткен біртуар батыр. Сонымен қатар ол үш мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Депутаттар, 9 мамыр, Жеңіс күні, Талғат Бигелдинов, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 11:37

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев

Аты аңызға айналған ұшқыштың ескерткіші елорданың Сарыарқа ауданындағы батырдың құрметіне берілген көшедегі саябақта орналасқан.

Ерлан Қошанов, Астана, Жеңіс күні, ескерткіш, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 11:37

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев

Жеңіс күні, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 11:37

Сурет: Ж. Жұмабеков, Т. Таныбаев

Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: