Бектенов, Әшімбаев және Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Монумент, Астана, Бектенов, Әшімбаев, Қошанов, соғыс, еске алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 10:42 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жеңіс күніне орай Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға қатысушылар соғыс жылдарында қаза тапқан қазақстандық майдангерлерді, тыл еңбеккерлерін және соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сурет: primeminister.kz

Сурет: primeminister.kz

Жеңіс күні бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын, ұрпақтар сабақтастығы мен татулықты және ел тыныштығын сақтау жауапкершілігін жадымызда жаңғыртатын тарихтағы ең атаулы күндердің бірі болып қала береді.

Сурет: primeminister.kz

Айта кетсек, бүгін таңертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: