Тұңғыш президент кітапханасының қажеті қанша – Әшімбаев пікір білдірді
Сурет: Тұңғыш президент кітапханасы
ҚР парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тұңғыш президент кітапханасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер сенат төрағасынан "Тұңғыш президент кітапханасының қажеті қанша?" деп сұрады. Мәулен Әшімбаев тұңғыш президент канцеляриясы қазір бұрынғыдай ауқымда жұмыс істемейтінін айтып отыр.
"Менің білуімше, канцелярияның көлемі қысқарған. Нақты қанша екенін айта алмаймын. Менің білуімше, сонда жұмыс істеп жатқан адам саны да күрт төмендеген, қысқарған. Соған байланысты енді бұл жерде бюджеттен біз қаржы мәселесін қарайтын шығармыз. Сондықтан ол жерде бұрынғыдай біраз адамдар істеп жатқан жоқ. Үлкен функциялар да қазір жоқ. Бұл жерде енді оның аты канцелярия бола ма, басқаша бола ма", - деді Мәулен Әшімбаев.
Сенатор дамыған батыс мемлекеттерін мысалға келтірді. Оның айтуынша, батыс мемлекеттерінде экс- президенттердің өздерінің кітапханасы бар.
"Олар өздерінің мүсіндерін қояды, өзінің кішігірім аппараты болады. Бұл - жалпы дамыған мемлекеттерде бар үрдіс. Егер президент қызмет етсе, ол президент біраз еңбек етсе, өзінің қағаздары, кітаптары болуы мүмкін. Сондықтан енді 1-2 көмекші немесе басқа да осы жұмысты басқарып жүретін сондай адамдар болуы керек шығар. Сондықтан бұл жерде біз ешнәрсені өзімізге алып жатқан жоқпыз. Батыс мемлекеттерінде бар үрдіс болғасын осыдан біз үйренгіміз келеді. Бұрынғыдай, сіз айтып отырғандай миллиардтаған қаржыcы бар, бір функциясы бар, мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін сондай бір үрдіс туралы әңгіме жоқ. Ондай концелярия қазір жоқ. Адамдары қысқарған. Ал қаржы мәселесіне қатыстыны біз Қаржы министрлігімен бірге бюджетті қараған кезде алдағы уақытта бұны талқылаймыз деп ойлаймын". Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript