Ақтоғай кен байыту фабрикасында жұмысшы қаза тапты

saratov24.tv saratov24.tv
Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals Тобы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай кен орынының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында орын алған жазатайым оқиға орын алғанын жеткізді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Жетінші қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым - ICG компаниясының қызметкері биіктіктен құлап кеткен. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды.

- Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады, - деп KAZ Minerals Тобының баспасөз қызметі хабарлайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз