Нұр-Сұлтанда екі автобустың қақтығысуынан екі адам қаза тапты

24 kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2019 17:06 24 kz
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еліміздің астанасында адам өлімімен аяқталған ЖКО болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Ұлы Дала мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алған.

- Алдын ала мәлімет бойынша, 303 бағыттағы автобустың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, - деді полиция өкілдері.

Апат орнында полиця қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

- Бүгін, 26 наурыз күні, Ұлы Дала көшесінде Қабанбай батыр даңғылының қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала сыртынан қатынайтын № 303 бағыттағы автобус № 12 бағыттағы автобуспен қақтығыс жасаған. Содан кейін № 53 автобус пен жедел жәрдем көлігіне де соққы тиген. Алдын ала ақпарат бойынша, алты адам жапа шекті. Жол апатының мән-жайы анықталу үстінде. ЖКО нәтижесінде № 53 бағыттағы автобус пен бірнеше жеңіл көлік те соққыға тап болған,- деп хабарлап отыр елорда әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: