"Алматы-Қостанай" рейсінде жолаушы қайтыс болды

10 Қыркүйек 2020, 10:56
Сурет: Pixabay

"Алматы-Қостанай" ұшағында жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Биылғы жылдың 9 қыркүйегінде сағат 17.34-те Қостанай станциясының Желілік полиция бөлімшесіне Алматы-Қостанай рейсінде 70 жастағы ер адам кенеттен қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті. Өлімнің алдын-ала себебі - марқұмда созылмалы дерттің болуы, - деді ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша тергеу басталды.

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жариялауға жатпайды, - деді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?