Талғарда жасөспірім қыз көпірден секіріп кетті
kazlenta.kz
Тергеу ісі қолға алынды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Талғар қаласының орталығында 2003 жылғы қыз көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы оқиға 11 наурызда болды.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сағат 17.45 шамасында Талғар қаласында 2003 жылы туған кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсау фактісі тіркелді.
- Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу кезінде анықталады, - деп атап өтті департаменттегілер.
Бұған дейін желіде қайғылы оқиға орнынан түсірілген видео пайда болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript