Денсаулық министрлігі коронавирустың тағы өршуі ықтимал кезеңін атады

10 Қыркүйек 2020, 16:24
Сурет: astana.gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі ауру бойынша болжамдарын тек алдағы екі аптаға ғана жасайды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Біз жағдайды бағалаймыз, болжамдар 2 аптаға ғана жасалады, өйткені көрсеткіштер күн сайын өзгеріп отырады. Енді көрсеткіштер бетперде тағатын адамдардың пайызына шағып есептелуде. Болжам әлеуметтік қашықтықты сақтау мен бетперде режимінің қалай сақталып жатқанына байланысты жасалады. Біз қараша мен желтоқсан айларында өсім болуы мүмкін екенін шамамен бағалаймыз, - деді ол.

Министр ЖРВИ мен тұмаудың дендеуі індеттің өршуіне түрткі болуы ықтимал деп санайды.

- Бірақ біз нақты көрсеткіштерді тек 2 апта бұрын ғана көре аламыз. Біз ұзақмерзімді болжамдар жасамаймыз, бірақ өз арамызда оны қолданамыз, - дейді Цой.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?