Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша статистиканы біріздендірді
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус туралы статистиканы жаңа тәсілмен есептелетінін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
2 тамыздан бастап коронавирус пен пневмонияның біріктірілген жаңа статистикасы ұсынылады. Бұл тәсіл нақты болжамдар жасауға және қажетті ресурстарды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді, деп санайды министрліктегілер.
Біріктірілген статистикада шартты санаттар бар. COVID-19 және ПТР тест бойынша диагнозы расталған және ПТР тесті бойынша диагнозы расталмағаны, бірақ коронавирус инфекциясының барлық белгілері бар адамдар. Оларды араластырып, шатастырмас үшін ДДҰ ұсынымына сәйкес категориялар үшін кодтар енгізілді:
Расталған жағдайлар үшін U07.1 және расталмаған немесе ықтимал жағдайлар үшін U07.2.
Сондай-ақ, есепте қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер болады.
Zakon.kz тілшісі телефон арқылы хабарласқанда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов U07.2 коды эпидемиологиялық белгілер бойыншакоронавирус инфекциясы диагнозы қойылғанын білдіретінін айтты: яғни егер науқас ауру жұқтырған адамдармен байланыста болса және де ыстығы көтеріліп, құрғақ пароксизмалы жөтел, интоксикация, тыныс алу жеткіліксіздігі секілді белгілері болса.
Соңғы екі аптаның ішінде Денсаулық сақтау министрлігі ақпараттық жүйені жетілдіріп, біртұтас мәліметтер базасын құрумен айналысты, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен күн сайын мәліметтер келіп түседі. Медициналық мамандарды жаңа форманы толтыруға үйретті.
- Қазір жүйе толығымен дайын, тесттер тапсырылды, - деп сендірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.