Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша жаңа статистиканы жариялады
Елімізде КВИ-дың жаңа жағдайларының шамалы өсімі тіркелді. Алдыңғы күнгі статистикамен салыстырғанда ауру жұқтырғандардың саны тоғыз жағдайға артты. Ең қолайлы эпидемиологиялық ахуал Маңғыстау облысында тіркелген (+4), деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 695 жағдайы тіркелді.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 114, Алматы қаласында –74, Шымкент қаласында – 7, Ақмола облысында – 64, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында – 22, Атырау облысында – 8, Шығыс Қазақстан облысында – 21, Жамбыл облысында – 7, Батыс Қазақстан облысында – 21, Қарағанды облысында – 96, Қостанай облысында – 82, Қызылорда облысында –7, Маңғыстау облысында – 4, Павлодар облысында – 79, Солтүстік Қазақстан облысында – 75, Түркістан облысында – 6.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 975 150 жетті.
Қазақстанда 597 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында – 121, Алматы қаласында – 64, Шымкент қаласында –0, Ақмола облысында – 14, Ақтөбе облысында – 11, Алматы облысында – 40, Атырау облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 36, Жамбыл облысында – 9, Батыс Қазақстан облысында – 0, Қарағанды облысында –123, Қостанай облысында – 13, Қызылорда облысында – 12, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 129, Солтүстік Қазақстан облысында – 11, Түркістан облысында – 8.
Елімізде барлығы 941 285 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.