Румынияда қазақтың ұлы ақынына ескерткіш орнатылды

11 Қыркүйек 2020, 10:35
Сурет: 24.kz

Румыния астанасы Бухаресте Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ұлы ойшылға ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Іс-шараға Румыния жоғары лауазымды тұлғалары мен белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, шетелдік қонақтар қатысты. Олардың арасында Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску, Парламент палатасының вице-спикері, "Қазақстан-Румыния" парламентаралық достық тобының төрағасы Флорин Иордаке бар.

Салтанатты жиынды ашқан Қазақстанның Румыниядағы елшісі Рүстем Нұрбахов Абай ескерткіші екі халықтың өзара құрметінің айқын белгісі екенін атап өтті.

Жиында Абай қара сөздерінің румын тіліне аудармасының таныстырылымы өтті. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін бейнелейтін суретші Алуа Тебенованың туындылары көрсетілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?