Алматы облысында жалған 5 мың теңге жасап жүрген адам сотталды

11 Қыркүйек 2020, 11:06
Сурет: Ирина Галат

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 1988 жылы туған ҚР азаматына қатысты жалған купюраларды дайындау, сақтау, тасымалдау және сату бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында Алматы қаласының тумасы Алматы облысы аумағында жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын номиналы 5 000 теңге болатын жалған ақша қаражатын өткізгені анықталды.

Сот үкімі бойынша айыпталушы қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК 231 бабының 1 т. сәйкес кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?