Алматы облысында салық төлемеген кәсіпкер 5 жылға сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2020 17:39 zakon.kz
Ол өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 млрд 635 млн теңге сомасына материалдық залал келтірілді.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері бірқатар жалған компаниялардың басшысына қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында бұл тұлғаның салық есептілігіне тауарлар мен қызметтерді сатып алу туралы жалған ақпаратты енгізу арқылы құрылыс-монтаждау қызметтерін көрсеткені анықталды.

Осылайша, ол салық салу объектілерін және басқа төлемдерді жасырып, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы бірқатар ұйымдар атынан бюджетке салық төлеуден жалтарған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде бюджетке өтелмеген салықтар және міндетті төлемдер түрінде мемлекетке 1 млрд 635 млн теңге сомасына материалдық залал келтірілді.

Сот үкіміне сәйкес күдікті ҚР ҚК 245-б. 3-б. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа ұйымдарда лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: